7 ноября 2025


Саналы ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

       Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Саналы ұрпақ» слет-форумы өз мәресіне жетті. Бұл форум – жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара болды.

      Форум барысында қатысушылар түрлі бағыттар бойынша байқауларға қатысып, өздерінің білімін, шығармашылығын және көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.

       Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі форум аясындағы сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді! Бұл жеңіс – колледж ұжымының ұйымшылдығы мен білім алушыларының белсенділігінің, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» қозғалысы құндылықтарын ұдайы насихаттап жүрген еңбегінің жемісі. Аталған жетістік жастардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетті.

          Әрбір білім алушының бойында отансүйгіштік пен парасаттылық қасиеттерін дамыту – оқу орнының басты міндеттерінің бірі.

          Бүгінгі жеңіс – ертеңгі сенімді қадам.

          Саналы ұрпақ – ел болашағы!