17 ноября 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жоспарлы ғылыми кеңес отырысы өтті. Отырысқа университет ректоры Мұхтар Толеген төрағалық жасады. Қатысушылар оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жетілдіру, университеттің даму бағдарламалары, абитуриенттерді қабылдау және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

Арнайы атап өту керек, стратегиялық даму және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова университеттің жаңа оқу жылына дайын екенін және білім беру бағдарламаларын онлайн форматта іске асыруға дайындықтарын айтты.

Университеттің қабылдау комиссиясының негізгі жұмысы туралы жауапты хатшы Лейла Байжуманова баяндама жасады.

Түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету мәселесі бойынша маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Жанель Болатова сөз сөйледі.

«Физика-химиялық ғылымдар» және «Табиғат пәндері мұғалімдерін даярлау» бағыттары бойынша диссертациялық кеңестердің тұрақты құрамын бекіту туралы коммерцияландыру және ғылыми жобалар бөлімінің жетекшісі Гүлнұр Шарапиева баяндама жасады.

Сонымен қатар, университеттің құрметті профессоры Ризабек Сармулдинов, доцент Бахыт Шаихова және шаруашылық департаментінің басшысы Болатбек Айменов сапалы жұмыс үшін алғыс хаттармен марапатталды.

— Сіздерге университет пен білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз, жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі азаматтық белсенділіктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін, — деді ректор Мұхтар Толеген.

Айта кетейік, талқыланған өзекті мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

.