17 ноября 2025


ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ: AMANZHOLOV УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚҰМАР ОЙЫНДАРДЫҢ ҚАУІПТЕРІ ТУРАЛЫ БІЛІМ АЛДЫ

«Қазақстан жастары арасында лудоманияның алдын алу» республикалық жобасы аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің психологы Гүлнара Исламжанова Шығыс Қазақстан университеті студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуде.

Жоба аясында лекциялар, тренингтер және жеке консультациялар өткізіліп, жастардың азартты ойындардың қаупі туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Студенттер лудоманияның белгілерін қалай тануға, ойын тәртібін бақылауға және қажет болған жағдайда психологтың көмегіне қалай жүгінуге болатыны жайлы көп пайдалы және қызықты ақпарат алды.

Жоба жастар арасында жауапкершілікті ойын мәдениетін қалыптастыруға, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы азарт ойындарға тәуелділіктің алдын алу жөніндегі мемлекеттік стратегияны қолдауға үлес қосады.