19 ноября 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ЖАЗУШЫ БОРИС ЩЕРБАКОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхтар Төлеген белгілі қазақстандық жазушы, зерттеуші ғалым, ҚР білім саласының үздігі, Өскемен және Хошимин (Вьетнам) қалаларының Құрметті азаматы Борис Васильевич Щербаковпен кездесті.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстанның рухани мұрасы, әдебиет пен мәдени жобалардың жастар тәрбиесіндегі рөлі, тарихи еске сақтау маңызы сияқты мәселелер талқыланды. Ерекше назар Борис Васильевичтің «Звездная степь к Жидебаю», «Край озерного Синегорье», «Абай и природа», «Властелин Великой пустыни» атты кітаптарына аударылды. Бұл еңбектер мәдени құбылысқа айналып, Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов мұрасын насихаттауда маңызды үлес қосады.

Ректор жазушының ғылыми және мәдени еңбектерінің құндылығын атап өтіп, оның шығармалары жастарға туған өлкесінің тарихын, ұлы дала табиғатын және қазақстандық мәдениет рухани бастауларын терең түсінуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ университет шығармашылық жобаларды қолдауға, баспа жағынан көмек көрсетуге, бірлескен рухани-мәдени жобаларға атсалысуға дайын екенін білдірді.

Кездесу барысында университет пен жазушы арасында жастардың рухани дамуына арналған іс-шаралар және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамалар бойынша болашақ ынтымақтастыққа дайындық көрсетілді.

Борис Васильевич өз кезегінде шығармашылығына көрсетілген назар үшін алғысын білдіріп, өскелең ұрпақтың рухани дүниесін қалыптастыруда университеттердің рөлін ерекше атап өтті.