20 ноября 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

АP26199899 «Шығыс Қазақстанның әдеби және лингвистикалық туризмінің аймақтық интеграциясы: топонимдердің этимологиясы мен мекендік аңыздарды цифрландыру» атты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жоба аясында 2025 жылғы 17-21 қараша аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессорлары Айжан Картаева, кафедра меңгерушісі Қарлығаш Барбосынова және сениор-лектор Жазира Қайырбаева ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде, Өзбек филологиясы факультетінде ұйымдастырылды. Оқытушылар тәжірибе алмасып, шетелдің орталық кітапханаларынан ғылыми деректерді қарастыру арқылы академиялық құзыреттілігін арттырды. Сонымен қатар, іс-шара жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Тағылымдама барысында академиялық құзыреттілікті арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастық нығая түсті. Оқытушылар өз тәжірибесін әрі қарай университеттегі оқу процесіне және ғылыми жобаларға тиімді түрде қолдануды жоспарлап отыр.