26 ноября 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: ПРОФЕССОР ГВИДО АМОРЕТТИ ЛЕКЦИЯСЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының студенттері мен оқытушылары психологиядағы заманауи ғылыми тәсілдермен танысуға мүмкіндік алды. Бұл мүмкіндікті оларға Генуя университетінің (Италия) профессоры Гвидо Аморетти ұсынды.

Профессор екі негізгі тақырыпты таныстырды «Ғылыми психологияның мәніне терең ену» — бұл тақырып зерттеушілерге адамның мінез-құлқы мен психикасы туралы сенімді деректер алуға мүмкіндік беретін әдістер мен техникаға, ғылыми тәжірибенің құрылымына және гипотезаларды тексеруде қолданылатын заманауи құралдарға арналған. Ал екінші, «Эмоцияларды қалыптастырудағы ми құрылымдарының рөлі» — когнитивтік және эмоциялық процестер арасындағы байланыс, нейробиологиялық механизмдердің адамның мінез-құлқына әсері.

Лекция заманауи психологиялық зерттеулердің нейробиология мен психологияны біріктіру арқылы эмоциялық тәжірибені терең түсінуге қалай ықпал ететінін көрсетті. Студенттер ғылыми психологияның тек субъективті бақылауларға емес, эмпирикалық деректерге негізделген жүйелі, тексерілетін және қайта өндірілетін қызмет екендігін білді. Сонымен қатар, профессор ми құрылымдарының эмоциялар мен автоматтық реакцияларды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын, бұл психологиялық сүйемелдеу және кеңес беру саласында жұмыс істейтін мамандар үшін аса маңызды аспект екенін атап өтті.

Гвидо Аморетти теориялық білім мен практикалық техникаларды интеграциялау психолого-педагогикалық жұмыс моделін тиімді құрудың кілті екенін атап өтті.

Лекция Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ мен Генуя университеті арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында өтті. Мұндай әріптестік студенттер мен оқытушылар арасында бірлескен семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізуге, тәжірибе алмасуға және университеттің білім беру процесіне озық еуропалық зерттеулерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Халықаралық лекциялар мен семинарлар ғылыми ойлау қабілетін дамытып, кәсіби көкжиектерді кеңейтеді және Шығыс Қазақстандағы білім беру қауымдастығын ғаламдық ғылым контексінде нығайтады.