12 января 2026


ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде қысқы мектеп аясында «Жасанды интеллект негіздері» тақырыбында семинар ұйымдастырылады.

Қысқы мектептің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бұл білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыруды, сондай-ақ заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді енгізуді қамтиды.

Қысқы мектептің міндеттері:

— профессор-оқытушылар құрамының жоғары білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру;

— жасанды интеллектке негізделген заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру бойынша практикалық дағдыларды дамыту;

— оқытуды жекешелендіруге және оның сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдерді меңгеру;

— университеттің білім беру және оқу-әдістемелік қызметінде жасанды интеллект технологияларын енгізудің үздік тәжірибелерін зерделеу және тарату.

Спикер: Заец Н.А., техника ғылымдарының докторы, Берлин қолданбалы ғылымдар мен технология университетінің профессоры, Берлин қ., Германия

Өтетін күні: 16.01.2026 ж.

Өтетін уақыты мен орны: сағат 13:00

№1 оқу ғимараты, №218 аудитория