11 октября 2023


ШҚУ СТУДЕНТЕРІ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ

Amanzholov University студенттері Өскемен қаласы әкімдігінің Ашық есік күндеріне қатысты.
Шара жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту мақсатында ұйымдастырылған. Экскурсия барысында ЖОО студенттеріне әкім аппараты бөлімшелерінің жұмысы көрсетілді. Атап айтқанда, студенттерде «Жер қатынастары» , «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі», «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі», «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі», «Өскемен қаласының қаржы бөлімі», «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-дері сияқты бөлімшелерінің қызметімен танысуға тамаша мүмкіндік туды.