11 октября 2023


ЖҮЗДЕН АСТАМ СТУДЕНТ «ҚАЗАҚСТАН» ТАУЫНА ЖҮГІРІП ШЫҚТЫ

Бүгін университеттің жүзден аса студенті қалаға белгілі «Қазақстан» тауын бағындырды. Білім алушылар Республика күніне орай жылдағы дәстүрлі шараға қатысты.
Биікке жүгіріп шығуға қатысқан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері. Шымыр спортшылар бар күштерін салып діттеген жерге жетті.
Тау етегінен көздеген межеге дейінгі қашықтық 1500 метр. Бірақ, оған жету жолында тік биіктікті еңсеруге тура келді. Дәстүр бойынша студенттерге жоғары санатты ұлттық судья Александр Кругликов қазылық етті.


— Бүгін жеңілатлетикалық жүгіру ұйымдастырылды. Жеңімпаздар – жолды алты минут 37 секундта жүгіріп өткендер. Бұл дегеніміз өте жақсы нәтиже. Дегенмен, жүгірудің басты мақсаты басқа еді, ол – Республика күнін ұлықтау. Арнайы осы дата үшін ұйымдастырылды, — деді Александр Кругликов.


Шара жайлы студенттер де ойларымен бөлісті.


— Мен өзім жеңіл атлетикамен айналысамын. Мен үшін қиынға соқпады. Мұндай жарыстарға талай мәрте қатысып, жеңіске жеткенмін. Бүгінгі жеңісімді жаттықтырушыма және университетке арнаймын, — дейді студент Владислав Чиныкаев.


Білім алушыларға шара қатты ұнап, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты. Осылайша, кез келген қиындыққа төтеп бере алатындықтарын тағы бір дәлелдеді.