4 февраля 2026
АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – ӘР БАЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШАТЫН КЕҢІСТІК
2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында, «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының алаңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған шығармашылық инклюзивті конкурстар циклі табысты түрде жүзеге асырылды.
Аталған іс-шаралар балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, эмоционалды-бейнелі ойлауын қалыптастыруға, Отанға, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге құндылықтық қатынасын нығайтуға, сондай-ақ қолдаушы инклюзивті білім беру ортасын құруға бағытталды. Конкурстарға 5 жастан 18 жасқа дейінгі 300-ден астам ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала қатысты.
2025 жылдың желтоқсан айында өткен «Менің Отаным!» атты шығармашылық конкурсқа 130 бала қатысып, өз жұмыстарында Қазақстанды жеке қабылдауын, оның табиғи байлығын, ұлттық құндылықтарын, халық бірлігі мен тәуелсіздік рәміздерін бейнеледі. Бұл конкурс инклюзивті білім беру жағдайында азаматтық-патриоттық тәрбие берудің маңызды алаңына айналды.
Сондай-ақ 2026 Жаңа жыл қарсаңында 90 баланы біріктірген «Аяз Ата шеберханасы» атты шығармашылық конкурс ұйымдастырылды. Жаңа жылдық тақырып пен қысқы ғажайыпқа арналған бұл байқау балалардың қиялын дамытуға, эмоциялық әлемін байытуға және шығармашылыққа деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
2026 жылдың қаңтар айында іс-шаралар циклі 5–14 жас аралығындағы 80 баланы қамтыған «Қыс» атты шығармашылық конкурспен жалғасын тапты. Қатысушылар қысқы ертегінің атмосферасын, жылылық пен жайлылықты, өз қолымен жасалған ғажайыптарды суреттер мен қолөнер бұйымдары арқылы көрсетті.
Өткізілген конкурстар Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің инклюзивті білім беруді дамытудағы жүйелі көзқарасын, сондай-ақ университеттік алаңдардың әлеуметтік жауапкершілік, балалар шығармашылығын қолдау және әрбір баланың білім беру қажеттіліктеріне қарамастан оның әлеуетін ашу жолындағы маңыздылығын айқын көрсетті.