2 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ РЕТІНДЕ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Шығыс Қазақстан облысында Референдумды қолдауға арналған жоғары деңгейдегі қоғамдық-мәдени форматтағы live-концерт өтті. Аталған іс-шара ел болашағына қатысты маңызды қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталды.

Концерт барысында Аманжолов университеті ректоры Мұхтар Төлеген Жалпыұлттық коалиция мүшесі ретінде сахнада сөз сөйлеп, алда өтетін Референдумның маңызына тоқталды. Ол жастарды және қала тұрғындарын ел тағдырына бейжай қарамауға, саналы азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Іс-шара «Жастар таңдауы – жаңа Ата заң!» бастамасы аясында ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жалпыұлттық коалиция жұмысының аясындағы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Бұл концерт қоғаммен ашық диалог орнатуға және маңызды ақпараттарды кеңінен жеткізуге мүмкіндік берді.

Сахнада қозғалған негізгі тақырыптар елдің болашағы, қоғамдық жауапкершілік және алдағы Референдумның тарихи маңызына арналды. Бұл бастама қатысушыларды ойлануға, саналы таңдау жасауға жетелейтін маңызды қадам болды.

Айта кетейік, 15 наурызда өтетін Референдум — әрбір азамат үшін жауапты кезең. Осы орайда университет басшысы барша жұртты Референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.