27 февраля 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ «WORLDSKILLS – AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!

2026 жылдың 26 ақпанында Восточно-Казахстанский Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінде «WorldSkills – AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» колледжішілік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті!

Чемпионат кәсіби шеберлігін, креативтілігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетуге дайын, талантты әрі мақсатшыл студенттерді бір арнаға тоғыстырды.Жоғары колледж 2018 жылдан бері WorldSkills халықаралық қозғалысының қатысушысы болып табылады. Біздің студенттер жыл сайын өңірлік чемпионаттардың жүлдегерлері атанып, колледж намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абыроймен қорғап келеді.

Биылғы жарыстар келесі бағыттар бойынша өтуде:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

— Графикалық дизайн
— Компьютерлік ойындардағы 3D модельдеу

Білім беру саласы
— Мектепке дейінгі тәрбие
— Бастауыш сыныптарда оқыту

Салтанатты ашылу рәсімі, қатысушылардың анты, шығармашылық нөмірлер және кәсіби бірлік атмосферасы бұл күнді ерекше әсерге бөледі.

Барлық қатысушыларға әділ бәсеке, тың идеялар және лайықты жеңістер тілейміз!
Жаңа жетістіктерге бірге қадам басайық!