ORHUN бағдарламасы

ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы Түркі университеттері одағына мүше университеттердің ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылады және білім беру мен ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ түркі мемлекеттерінің бірыңғай академиялық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының өкілдеріне серіктес университеттерде бір академиялық семестр бойы білім алуға, сабақ беруге және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу академиялық тәжірибені кеңейтуге, мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға, озық білім беру тәжірибелерімен алмасуға және қатысушылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Бағдарлама аясында қолданыстағы білім беру стандарттарына сәйкес оқу нәтижелерін академиялық кредиттер түрінде тану қамтамасыз етіледі. Ұтқырлық университеттер арасындағы екіжақты келісімдер негізінде және Түркі университеттері одағының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

ORHUN бағдарламасына қатысу университеттің интернационалдануының маңызды құралы болып табылады және оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Бағдарламаға білім алушылар (бакалавриат, магистратура, докторантура), сондай-ақ «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕ АҚ профессор-оқытушылар құрамы қатыса алады.

Білім алушыларға қойылатын талаптар және құжаттар тізімі:

  • тек бір университетті және бір семестрді таңдауға рұқсат етіледі;
  • орташа үлгерім балы (GPA) — 4.00-ден кемінде 2.5;
  • білім алушы туралы ақпарат нысаны (Student Information Form) толтырылған болуы тиіс;
  • академиялық транскрипт (Transcript);
  • барлық құжаттар электрондық түрде (компьютерде) толтырылуы тиіс.

Іріктеу ORHUN бағдарламасының және қабылдаушы университеттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 26 ақпан – 20 наурыз.