17 марта 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі Құқықтану кафедрасының білім алушылары Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Digital Nauryz 2026 онкүндігі аясында еліміздегі татулық, достық пен бірліктің символы саналатын Шаңырақ күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – достық пен өзара түсіністікті насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, сондай-ақ білім алушылар арасында ашық пікір алмасу арқылы олардың патриоттық сезімін арттыру.

Бұл күн – халқымыздың ынтымағы мен бірлігін, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығын дәріптейтін ерекше мереке. «Шаңырақ» ұғымы қазақ халқы үшін тек отбасының ғана емес, бүкіл елдің, ортақ үйіміздің символы болып табылады. Сондықтан баршамыз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірлігімізді нығайта түсуіміз қажет.

Дөңгелек үстел барысында білім алушылар әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, сол халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы таныстырып, өз өнерлерін көрсетті.

Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы жастар еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен келісімнің маңызын терең түсініп, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүрудің құндылығын сезінеді.