19 марта 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖАСТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөліне арналған ашық диалог өтті.

Іс-шара университет ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен ұйымдастырылып, оған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ведомство өкілі Альмира Нұртаева жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, әрбір студент ашық әрі әділ қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерін, азаматтық белсенділік мәселелерін және заң талаптарын сақтау тақырыптарын талқылады.

Ашық диалог алаңы жастар арасында адалдық құндылықтарын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуда маңызды қадам болды.