14 марта 2026


КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІН ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ АТАП ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіннің Жоғары колледж ұжымы  Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күнін (Амал мерекесі) атап өтті. Ұлттық дәстүрге негізделген бұл мерекелік шара ұжым мен студенттер қауымын бірлік пен татулыққа үндейтін рухани құндылықтарды дәріптеуге арналды. Іс-шараны «Ғылыми-жаратылыстану» пәндік -циклдік бірлестігі  ұйымдастырды.

Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіреді. Ұйымдастырылған іс-шара барысында колледж ұжымы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжге барып ұлттық дәстүр бойынша көрісіп, Наурыз мерекесінің мән-маңызын дәріптеп өтті.

Мерекелік құттықтау жиын барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, қазақтың бай мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған әндер  шырқалып, күй шертілді, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Студенттер мен оқытушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының бірегей мәдениетін айшықтайтын дәстүрлерді жаңғыртуға үлес қосты.

 

Аталған іс-шара Наурызнама аясындағы мерекелік күндердің бастауын білдіріп, оқу орнындағы  ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған тәрбиелік маңызы зор шаралардың бірі болды. Бұл тағылымды шара оқу орындары арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, ұлттық мәдениетімізді ұлықтауға өз үлесін қосты.