16 Қазан 2023


«СУДЬЯ» ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ

«Құқықтану» және «Сот және прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламаларының студенттері Сот төрелігі сарапшыларымен кездесті. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының судьялары Зухра Ескендірова мен Әсемгүл Қасенова қызмет процестерін түсіндірді.


Зухра Қадырбекқызы білім алушыларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен, бірінші сатыдағы сотта жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырып, жастарға болашақ мамандығын табысты игеру мақсатында кеңестерімен бөлісті.


Ал, қалалық сот Әкімшісінің басшысы Жанна Хамитова студенттерді «Төрелік» жүйесімен, кеңсе жұмысымен таныстырып, сот органдарына қызметке орналасу тәртібі туралы хабардар етті.


Кездесу соңында қалалық сот қызметкерлеріне мұражай, кеңсе және мұрағат қызметі таныстырылып, шағын экскурсия жүргізілді.