1 апреля 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: ГІР СПОРТЫНАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы университет студенттері 27–31 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткен жастар арасындағы гір спорты чемпионатына қатысып, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс болашақ спортшылардың шеберлігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
 
Ұлдар арасында:
Серікбек Әлішер — Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығы, 3 курс (63 кг) — 3 орын
Бақытбек Нұрболсын — Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығы, 1 курс (73 кг) — 2 орын
 
Қыздар арасында:
Ержанова Айғаным — Дене шынықтыру және спорт (IP) мамандығы, 2 курс (58 кг) — 2 орын
Шаденова Айсұлу — Дене шынықтыру және спорт мамандығы, 3 курс (+68 кг) — 1 орын
 
Жарыс кезінде студенттер техника, күш және шеберлікті көрсетті, кәсіби дайындығын дәлелдеді. Жеңістер университеттің спорттық дәстүрін жалғастырып, студенттердің болашақта да биік белестерге қол жеткізуге дайын екендігін көрсетті.