7 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан мен Әзербайжан университеттері ректорларының II форумы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті үшін нәтижелі болды. Форум аясында университет бауырлас елдің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Университеттің жаңа серіктестері қатарында:

– Нахчыван мемлекеттік университеті;

– Бакин славян университеті;

– Әзербайжан мемлекеттік аграрлық университеті;

– Ленкоран мемлекеттік университеті.

Қол қойылған келісімдер білім беру және ғылым саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Алдағы уақытта тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бағытында ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Халықаралық әріптестікті дамыту университеттің білім беру сапасын әлемдік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай бастамалар Қазақстан мен Әзербайжан жастары үшін жаңа білім және ғылым мүмкіндіктерін ашады