8 апреля 2026
AMANZHOLOV UNIVERSITY – ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ АЛАҢ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 6В013 – «Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың тақырыбы: «Digital-педагог: интеллект, технологиялар, білім беру».
Іс-шараға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алатын 2–3 курс студенттері қатысты. Жалпы саны 19 команда еліміздің әртүрлі өңірлерінен келіп, жетекші университеттердің намысын қорғады.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби әлеуетін анықтау, олардың педагогикалық, цифрлық және коммуникативтік құзыреттерін дамыту, сондай-ақ заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын педагогикалық қызметте қолдануға дайындығын көрсету болды.
Цифрлық білім беру жағдайында инновациялық, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға ерекше назар аударылды.
Олимпиада 5 кезеңнен тұрды:
1 кезең – «Цифрлық педагогикалық питч: педагог мамандығына апарар менің жолым». Қатысушылар заманауи педагог бейнесін таныстырып, өзін-өзі таныстыру, коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
2 кезең – «Pedagogical Mastery Check» (Педагогикалық интеллект және кәсіби дайындық). Бұл кезеңде студенттердің теориялық білімі, бастауыш білім беру педагогикасы, оқыту әдістемесі мен тәрбие жұмысы бойынша білімдері және оларды тәжірибеде қолдану қабілеті бағаланды.
3 кезең – «Педагогикалық кейс-банк». Қатысушылар нақты педагогикалық жағдаяттарды талдап, мәселелерді анықтап, тиімді шешу жолдарын ұсынды.
4 кезең – «EdTech-сабақ» (үй тапсырмасы). Командалар цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, заманауи сабақ үлгісін көрсетті.
5 кезең – «Педагогикалық шешімдер зертханасы». Қорытынды кезеңде командалар шығармашылық әлеуетін танытып, тың білім беру идеяларын ұсынды.
Қазылар алқасының құрамына «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері, Өскемен қаласының мектеп директорлары мен тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері кірді.
Бағалау кезінде келесі критерийлер ескерілді:
— кәсіби ойлау деңгейі;
— педагогикалық идеялардың негізділігі;
— сөйлеу мәдениеті;
— креативтілік;
— педагогикалық жағдаяттарды талдау және шешу қабілеті;
— сыни және шығармашылық ойлау деңгейі.
Олимпиада кәсіби тәжірибе алмасуға, педагогикалық шеберлікті дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Іс-шара болашақ мұғалімдердің дайындық деңгейінің жоғары екенін және олардың цифрландыру жағдайында кәсіби қызметке толық дайын екенін көрсетті.
Нәтижелер (жеке есеп)
I орын:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің командасы
II орын:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
III орын:
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт
Нәтижелер (командалық есеп)
I орын:
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
II орын:
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
III орын:
Астана халықаралық университеті
Шәкәрім атындағы университет (Семей)
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
«Мирас» университеті
Бәйішев университеті
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Номинациялар
«Цифрлық педагогикалық питч» – Қарағанды университеті
«Pedagogical Mastery Check» – Абай атындағы ҚазҰПУ
«Педагогикалық интеллект және кәсіби дайындық» – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
«Педагогикалық кейс-банк» – Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
«Педагогикалық шешімдер зертханасы» – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
«EdTech-сабақ» – Жетісу университеті
XVII Республикалық пәндік олимпиаданың Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтуі оқу орнының Қазақстандағы педагог кадрларды даярлаудағы жетекші орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Университет ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін, ғылыми-әдістемелік қолдаудың сапасын және студенттердің әлеуетін ашуға барлық жағдай жасалғанын көрсетті.
Бұл шара университеттің цифрлық білім беруді дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлау бағытындағы стратегиялық ұстанымын айқын көрсетті..






