10 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ DKNEWS АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушысы, Бизнес және құқық жоғары мектебі деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Мамырбекова халықаралық DKNews ақпараттық агенттігіне сұхбат берді. Сұхбат тақырыбы – «Экономикалық серпіліс пен шынайы бәсеке: Қазақстан жаһандық экономикадағы орнын қалай нығайтып жатыр?» болды.

Сұхбат барысында сарапшы Қазақстан экономикасының дамуы, халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартымдылықты күшейту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар білім мен ғылымның ел экономикасының тұрақты дамуына қосатын үлесі де атап өтілді.

Динара Мамырбекованың айтуынша, адами капиталды дамыту, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстанның жаһандық экономикадағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.