15 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «ALTAY BUSINESS» АЙМАҚТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында аймақта кәсіпкерлікті дамытуға арналған «ALTAY BUSINESS» форумы өтті. Аталған іс-шараға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенттері белсенді түрде қатысты.

Форум аясында өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, бизнес жүргізудің заманауи үрдістері, мемлекеттік қолдау тетіктері мен инвестициялық мүмкіндіктер кеңінен талқыланды. Іс-шара барысында тәжірибелі кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Аманжолов университетінің студенттері үшін бұл форум кәсіби бағдарын айқындауға, бизнес саласындағы өзекті мәселелермен танысуға және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер кәсіпкерлік ортадағы жаңа идеялар мен бастамаларға қанығып, өз болашақ жобаларын дамытуға қажетті маңызды ақпарат алды.

Мұндай іс-шаралар білім алушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.