20 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АСТАНАДА ӨТКЕН ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Астана қаласындағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында 6В01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерінен құралған команда жүлделі III орынға ие болды.

Білім додасына еліміздің әр өңірінен келген үздік студенттер қатысып, өзара білім мен білік деңгейін сынады. Олимпиада барысында қатысушылар тіл білімі мен әдебиет саласындағы теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, талдау жасау, шығармашылық ойлау және кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде дәлелдеді.