20 сәуір 2026


ХАН ГАЛИНА ОКТЯБРЕВНАҒА – 80 ЖЫЛ: УНИВЕРСИТЕТТЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ САЛТАНАТ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде шет тілдері және аударма ісі кафедрасының сениор-лекторы, құрметті ұстаз Хан Галина Октябревнаға арналған 80 жылдық мерейтойға орай салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға университет басшылығы, оқытушылар, студенттер және мерейтой иесінің әріптестері қатысты. Шара көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі болды.

Құттықтау сөзбен Басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ровнякова Ирина Владимировна сөз сөйлеп, Галина Октябревнаның білікті мамандар даярлаудағы елеулі үлесін және педагогикалық қызметке деген адалдығын атап өтті. Сонымен қатар университет басшылығының басқа да өкілдері, проректорлар мен әріптестер тарапынан жылы лебіздер білдірілді.

Іс-шара барысында студенттердің қатысуымен поэзиялық және музыкалық шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Кештің ерекше әсерлі өтуіне шәкірттері мен әріптестерінің шынайы алғыс сөздері себеп болды. Олар үшін Галина Октябревна тек ұстаз ғана емес, өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі болып табылады.