21 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ: МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТЫ ТАЛДАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР


Химия кафедрасының профессоры Аубакирова Роза Аблакимовна 6В05304 «Химиялық криминалистикалық сараптама» және 6В05302 «Химия және материалдар» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттерімен «Минералдық шикізатты талдау» пәні аясында «Минералды кендердегі маңызды компоненттерді анықтау үшін гравиметриялық және титриметриялық талдау әдістерін қолдану» тақырыбында дәріс форматында кезекті ашық сабақ өткізді.

Дәріс барысында минералдық шикізатты талдаудың заманауи әдістері қарастырылып, гравиметриялық және титриметриялық талдау тәсілдерінің теориялық негіздері мен олардың практикалық маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, кен құрамындағы негізгі компоненттерді анықтауда қолданылатын әдістердің ерекшеліктері мен тиімділігі жан-жақты талқыланды.

Ашық сабақ студенттердің пәндік білімін тереңдетуге, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Мұндай дәрістер болашақ мамандардың теориялық білімін нығайтып қана қоймай, оларды тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.