24 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ БІШКЕКТЕГІ LESSON STUDY БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Бішкек қаласында Sapat International Educational Institution білім беру бастамалары аясында ұйымдастырылған Lesson Study бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр.

Іс-шара оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдері мен педагогтердің кәсіби дамуын талқылауға бағытталған. PhD докторы, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сейтахметова Жанат №3 мектеп-лицейінің мұғалімдерімен бірлесіп «Оқушылардың қателері мен стратегияларын талдау негізінде Lesson Study аясында оқыту әдістерін аналитикалық қайта құру моделін әзірлеу және апробациялау» тақырыбында баяндама жасады.

Зерттеу барысында оқушылардың ойлау ерекшеліктері, тапсырмаларды орындау стратегиялары және жиі кездесетін қателері талданып, соның негізінде оқытуды түзетуге арналған тәсілдер ұсынылды. Ұсынылған модель мұғалімдердің кәсіби өзара әрекеттесуін жүйелеуге және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Ертең конференция аясында Қырғызстан мектептеріне барып, сабақтарды бақылау және педагогикалық тәжірибе алмасу жоспарланған.