27 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ЖАСТАР ЖӘНЕ САЙЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Аманжолов университетінің студенті Жігер Сарсенбаев Қызылорда қаласында өткен «Жастар және сайлау» республикалық форумына қатысты.

2026 жылғы 23–24 сәуір күндері өткен форум Мемлекет басшысының жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және саяси мәдениетін дамыту жөніндегі бастамалары аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мажитұлы Әбдіров, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев, комисия мүшелері, өңірлік аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері қатысты.

Форум барысында сайлау жүйесіндегі жастардың рөлі, электоралдық мәдениетті қалыптастыру, жас сайлаушылар клубтарының қызметі және өңірлік тәжірибелер кеңінен талқыланды

Іс-шара аясында бірқатар кездесулер, семинарлар және тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар сайлау үдерісін жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Форум жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға және сайлау мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды алаң ретінде бағаланды.