28 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиында университеттің ғылыми-зерттеу қызметі, білім беру сапасы және стратегиялық даму бағыттарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде Ұжымдық пайдаланудағы Ұлттық ғылыми зертхананың ғылыми жобаларын іске асыру барысы мен ғылыми өнімді коммерцияландыру нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, оқыту сапасына жүргізілген мониторингтік зерттеулердің қорытындылары қаралып, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Отырыс барысында терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, 2026–2027 оқу жылына арналған бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын оңтайландыру, педагогикалық бағыттағы бітіруші курс білім алушыларының кәсіби даярлығын бағалау талаптарын орындау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағытындағы министрлік тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Ғылыми кеңес қорытындысында университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін арттыру, еңбек нарығымен байланысты нығайту және стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыру мәселелері басым бағыт ретінде айқындалды.