5 мамыр 2026


СІБЕ КӨЛДЕРІНДЕГІ ДАЛАЛЫҚ АЙМАҚ ДИЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері «Сибины» оқу-ғылыми өндірістік базасы мен Г. Вистениус – Д. Панкратьев атындағы оқу-далалық тәжірибе орталығында далалық тәжірибеден сәтті өтті. Бұл тәжірибе болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

«Сибины» базасында өткен тәжірибе барысында студенттер табиғи ортада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әртүрлі экологиялық және биологиялық нысандарды зерттеді. Базаның қолайлы инфрақұрылымы – оқу корпустары, зерттеу алаңдары және демалыс орындары – тәжірибенің сапалы өтуіне жағдай жасады. Сонымен қатар студенттер үшін мәдени-танымдық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етті.

Ал Г. Вистениус – Д. Панкратьев атындағы оқу-далалық тәжірибе орталығында студенттер зоология, ботаника, өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер физиологиясы, генетика және қолданбалы биология бағыттары бойынша тәжірибелік жұмыстар орындады. Табиғи жағдайда жүргізілген зерттеулер студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытып, болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық машықтарын қалыптастырды.

Далалық тәжірибе барысында студенттерге барлық қажетті жағдай жасалып, қауіпсіздік талаптары толық сақталды. Тәжірибеге қатысушылар арнайы жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білікті оқытушылардың жетекшілігімен жұмыс істеді.

Студенттерді тәжірибе орындарына жеткізу үшін университеттің ПАЗ-3205 автобусы пайдаланылды. Көлік үздіксіз қатынап, тәжірибенің ұйымдасқан түрде өтуіне ықпал етті.

Осылайша, далалық тәжірибе студенттердің кәсіби дайындығын арттырып, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына маңызды үлес қосты. Университет алдағы уақытта да тәжірибеге бағытталған оқыту жұмыстарын жалғастырып, білім беру сапасын арттыруды көздейді.