9 мамыр 2026


9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ: РЕКТОРДЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 81 жыл толуына орай Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Құттықтауында ректор бұл күннің адамзат тарихындағы ең маңызды әрі тағылымы терең даталардың бірі екенін атап өтіп, бейбіт өмір үшін жанын қиған майдангерлердің ерлігі мен батырлығына ерекше құрмет білдірді. Ол Жеңіс күні – тек тарихи дата ғана емес, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін қасиетті мереке екенін айтты.

Сондай-ақ, Мұхтар Әділбекұлы Төлеген соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне алғысын білдіріп, олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

Құттықтау соңында ректор барша қауымға бейбіт өмір, амандық, денсаулық және еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы табыстар тіледі.