12 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖАСТАРЫ «АЛТАЙҒА» ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Бүгін Өскемен қаласындағы жаңартылған «Восток» стадионында өткен Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы «Алтай» – «Ордабасы» матчында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жастары белсенді қолдау көрсетті.

Университет студенттері мен белсенді жастар трибунадан орын алып, туған өлкенің командасына жанкүйер болды. Көк туды желбіретіп, арнайы ұрандар айтып, матчтың атмосферасын қыздыра түсті.

Алаңдағы тартысты ойын 0-0 есебімен аяқталғанымен, стадиондағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді. Әсіресе Amanzholov University жастарының белсенділігі көпшіліктің назарын аударды.

Матч барысында танымал әнші TURAR өнер көрсетіп, ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жанкүйерлермен кездесіп, командаға сәттілік тіледі.