14 сәуір 2026


«ҮЗДІК МАМАН – 2026»: КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

     Дене тәрбиесі мамандықтары бойынша білім алушылар арасында «Үздік маман – 2026» атты кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

       Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін бекіту, практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

        Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар дене тәрбиесі пәні бойынша теориялық білімдерін тест тапсырмалары арқылы көрсетті.

       Сонымен қатар, олар өздері дайындаған қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) негізінде ашық сабақ өткізіп, педагогикалық шеберліктерін, әдістемелік сауаттылықтарын және сабақ ұйымдастыру қабілеттерін дәлелдеді.

        Қатысушылардың жұмыстары мазмұндылығы, кәсіби деңгейі, креативтілігі және практикалық орындау сапасы бойынша әділ бағаланды.

        Аталған іс-шара студенттердің кәсіби дамуына, тәжірибе жинақтауына және өз қабілеттерін шыңдауына үлкен мүмкіндік берді.