15 мамыр 2026


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №2 оқу ғимараты аумағында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Университет ұжымы мен қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығы мен оқу орны аумағының көркеюіне бағытталған игі іске белсенді қатысты.

Қазіргі уақытта университетте негізгі тазалық жұмыстары аяқталып, абаттандырудан кейінгі екінші кезең аясындағы «Таза Қазақстан – Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Сенбілік барысында ғимарат маңы ретке келтіріліп, аумақ қоқыстан тазартылды, жаяу жүргіншілер жолы мен жасыл аймақтар тазаланды.

Мұндай шаралар университеттің эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, студенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.