20 мамыр 2026


«ORHUN» АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Түркі университеттері кеңесі 2026–2027 оқу жылына арналған «ORHUN» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеу нәтижелерін қорытындылады. Бағдарлама аясында оқытушылар мен білім алушылар шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында академиялық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Іріктеу қорытындысы бойынша үміткерлердің басым бөлігі негізгі тізімге өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар резервтік тізімге енгізілді.

Ұйымдастырушылар барлық үміткерлерге халықаралық академиялық ынтымақтастыққа деген қызығушылығы, белсенділігі және жоғары академиялық дайындығы үшін алғыс білдірді. Резервтік тізімге енген қатысушылар бағдарламаға бұрын ұсынылған кандидаттар бас тартқан жағдайда немесе қосымша орындар пайда болған кезде шақырылатыны атап өтілді.

Бұл бағдарлама қатысушыларға шетелдік университеттерде білім беру және ғылыми тәжірибе алмасуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және кәсіби құзыреттерін дамытуға жол ашады.

Іріктеуден өткен барлық қатысушылар құттықталып, алдағы академиялық ұтқырлық кезеңінде сәттілік тіленді.