5 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында талапкерлер мен ата-аналарға арналған тікелей эфир ұйымдастырылды.

Эфир барысында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лейла Байжуманова 2026 жылғы қабылдау науқанының ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, талапкерлерді қызықтырған маңызды сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, университетке құжат тапсыру тәртібі, білім беру бағдарламалары, мемлекеттік грант конкурсына қатысу мүмкіндіктері, шекті балл, жатақхана, оқу форматы және қабылдау кезеңдері жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, эфир барысында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың заманауи білім беру ортасы, халықаралық байланыстары, академиялық мүмкіндіктері мен студенттік өмірі туралы да айтылды.

Тікелей эфир ашық диалог форматында өтіп, талапкерлер өз сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай онлайн кездесулер талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орны туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.