19 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЭКОНОМИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 8D041 – «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңес өз жұмысын бастады. Кеңес «8D04101 – Экономика» білім беру бағдарламасы негізінде құрылды.

Бұл маңызды шешім университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау ісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Енді жас ғалымдар мен докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын туған университетінің қабырғасында қорғап, ғылыми дәрежеге қол жеткізе алады.

Диссертациялық кеңестің ашылуы өңірлік және республикалық деңгейдегі ғылыми зерттеулердің дамуына серпін беріп, экономика саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми жобалардың жүзеге асуына жол ашады.