25 маусым 2026


ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ PHD ДӘРЕЖЕСІН ҚОРҒАДЫ

2026 жылғы 24 маусымда Аманжолов университетінің биология кафедрасының сениор-лекторы Құралай Бауыржанқызы Алипина Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ботаникалық және дендрологиялық зерттеулер негізінде “Орман шаруашылығы” білім алушыларының ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертациялық кеңестің шешімімен ізденуші 8D015065 – «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға лайық деп танылды.

Бұл жетістік – Аманжолов университетінде ғылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың, жас ғалымдарды қолдау саясатының және ғылыми-зерттеу қызметін жетілдірудің нақты нәтижесі. Университет ұжымы Құралай Бауыржанқызын маңызды ғылыми белесімен құттықтап, алдағы ғылыми қызметіне толағай табыс, жаңа зерттеулер мен кәсіби жетістіктер тілейді.