25 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ №37 МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Басқарма төрағасының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Ирина Владимировна Ровнякова №37 орта мектеп түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Іс-шара барысында Ирина Владимировна мектеп бітіруші түлектерді маңызды белеспен құттықтап, болашақ мамандықтарын таңдауда сенімділік, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарына табысты қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.

Салтанатты жиынның ерекше сәттерінің бірі – арнайы педагогика пәні бойынша өңірлік олимпиаданың жеңімпазы атанған №37 мектеп түлегіне Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 жылдық білім беру грантының табысталуы болды. Бұл грант талапкерге университетте таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Дарынды жастарды қолдау және педагогикалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру – университет қызметінің басым бағыттарының бірі. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ болашақ мамандардың кәсіби дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауды жалғастырып келеді.