5 тамыз 2026


ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА: ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БЕЙНЕБАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Сіз Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім гранты иегері атандыңыз ба? Ендеше, қуанышты сәтіңізді көпшілікпен бөлісіп, бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Талапкерлер грант нәтижесін білген кездегі әсерлі эмоцияларын видеоға түсіріп, жеке Instagram парақшасына жариялауы қажет. Жарияланымда міндетті түрде @amanzholov_university парақшасын белгілеу керек.

Байқауға қатысу шарттары:

– грант нәтижесіне реакция видеосын түсіру;

– видеоны Instagram парақшаңызға жариялау;

– @amanzholov_university аккаунтын белгілеу;

– жарияланымды достарыңызбен бөлісу.

Ең әсерлі әрі креативті бейнероликтердің авторлары арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Қуанышты сәтіңізді бізбен бөлісіп, байқауға қатысуға шақырамыз!