18 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІНДЕГІ ОРЫНДАРДЫ БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

18 тамыз 2026 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 2026–2027 оқу жылына білім алушыларды Студенттер үйлеріне орналастыру үшін орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына университеттің жоғары мектеп декандары, Жоғары колледж директоры, Студенттер үйлерінің меңгерушілері, тәрбие және әлеуметтік жұмыс, жастар саясаты бағытындағы жауапты мамандар, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 2026–2027 оқу жылына студенттерді Студенттер үйлеріне орналастыру үшін орындарды бөлу және конкурстық өтініштерді қарау мәселесі қаралды.

Комиссия мүшелеріне білім алушылардан келіп түскен өтініштер, ұсынылған құжаттар, сондай-ақ Студенттер үйлеріндегі бос орындар туралы ақпарат таныстырылды. Өтініштерді қарау барысында қолданыстағы талаптар мен білім алушыларды орналастыру кезінде ескерілетін басымдықтар назарға алынды.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, жатақханалардағы орындарды конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия бөледі. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №219 бұйрығымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілген. Аталған нормативтік құжатқа кейін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2026–2027 оқу жылына студенттерді Студенттер үйлеріне орналастыру үшін орындарды бөлу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар білім алушыларды орналастыруға қажетті құжаттарды белгіленген тәртіппен рәсімдеу және Студенттер үйлеріне қоныстандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Орындарды бөлу және білім алушыларды орналастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен тиісті қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.