25 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА КӘСІБИ МҮМКІНДІКТЕР

Бейресми білім беру – жаңа білім алып қана қоймай, кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтудің тиімді жолы. Біліктілікті арттыру, жаңа дағдыларды меңгеру және алған білімді тәжірибеде қолдану арқылы көптеген адамдар өз кәсіби жолын жаңа деңгейге көтеріп келеді.

Үйрену – даму. Даму – жаңа мүмкіндік. Жаңа мүмкіндік – жаңа жетістік.

Біліктілікті арттыру курстары – маманның бұрыннан бар кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге, еңбек нарығындағы жаңа талаптар мен технологияларға бейімделуіне бағытталған қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары.

Қайта даярлау курстары – маманның бұрынғы мамандығынан түбегейлі өзгеше немесе аралас жаңа кәсіп түрін игеруіне мүмкіндік беретін, жаңа құзыреттіліктер мен кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру бағдарламалары.

Микро-біліктіліктер (Micro-credentials) – еңбек нарығының нақты сұраныстарына бейімделген, қысқа мерзімде нақты бір дағдыны игеруге мүмкіндік беретін оқыту форматы. Мұндай шағын модульдер әдетте 1–3 ай аралығында меңгеріледі.

Бейресми білім беру мамандардың цифрлық және технологиялық, басқарушылық және стратегиялық, коммуникативтік және тұлғааралық (Soft Skills), бейімделгіштік және функционалдық (Cross-functional Skills) құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар медиасауаттылық пен SMM бағыттары бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру де маңызды.

Өмір бойы білім алу (Lifelong Learning) – адамның мектеп немесе университетпен ғана шектелмей, бүкіл саналы өмірі бойы өз еркімен білім алып, дағдыларын дамыту процесі.

Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Күміс университет» (Silver University) жобасы. Ол үздіксіз білім беру тұжырымдамасын іске асырудың заманауи үлгісі ретінде аға буын өкілдерінің қоғамнан оқшауланбай, білімін үздіксіз жетілдіруіне, жаңа дағдыларды меңгеруіне және әлеуметтік белсенділігін жоғары деңгейде сақтауына бағытталған.

Өмір бойы білім алу – заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалудың және тұлғалық тұрғыдан дамудың маңызды шарты. Үнемі білім алу адамға өзгерістерге бейімделуге, жаңа кәсіби мүмкіндіктерді пайдалануға және өз әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бейресми оқудың басты нәтижесі – білімді нақты іске айналдыру. Оқу барысында адам жаңа дағдыларды игеріп, өзіне деген сенімін арттырады және кәсіби ортамен байланыс орнатады.

Бүгінде еңбек нарығы үнемі өзгеріп, жаңа технологиялар мен кәсіби талаптар қалыптасып келеді. Осындай жағдайда жаңа білім мен дағдыларды тұрақты түрде меңгеру – кәсіби бәсекеге қабілеттілікті сақтаудың маңызды жолы.

Үйрену – даму. Даму – жаңа мүмкіндік. Жаңа мүмкіндік – жаңа жетістік.