28 тамыз 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ IT ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

28 тамыз күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде бірінші курс студенттеріне арналған таныстыру кездесуі өтті.

Биыл IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебіне 497 студент қабылданды. Кездесу студенттер үшін университетпен, оқу үдерісімен және студенттік өмірдің мүмкіндіктерімен танысудағы алғашқы маңызды қадам болды.

Іс-шараны IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Салтанат Сайларбекқызы Әдіканова өткізді. Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне оқу үдерісін ұйымдастыру, жоғары мектептің қызмет бағыттары, кафедралардың жұмысы және университеттегі студенттік өмірдің негізгі ережелері туралы қажетті ақпарат берілді.

Кездесу барысында Platonus ақпараттық жүйесінің жұмысына ерекше назар аударылды. Студенттерге жүйеге тіркелу тәртібі мен оны пайдалану жолдары түсіндіріліп, оқу үдерісіне қажетті негізгі функцияларды қолдану жөнінде ақпарат берілді.

Таныстыру кездесуге IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің кафедра меңгерушілері қатысты:

— Римма Ерболатқызы Сәкенова; 

— Еділ Әлібекұлы Қайырбеков; 

— Салтанат Қайратқызы Айтқожина; 

— Гүлнұр Ташкенқызы Жүнісова; 

— Жадыра Қанатқызы Қабатаева; 

— Назерке Рашидқызы Сағидоллина.

Сонымен қатар бірінші курс студенттеріне «Парасат» Студенттерге қызмет көрсету орталығының маманы Әлия Жайырбекқызы Ахметкалиева және IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тоғжан Жеңісқызы Тәңірбергенова сөз сөйледі.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған маңызды сұрақтарға жауап алып, жоғары мектеп, оқытушылар құрамы және оқу кезеңінде өздеріне берілетін мүмкіндіктер туралы кеңірек ақпарат алды.

Бірінші курс студенттеріне университет өміріне сәтті бейімделіп, жаңа достар тауып, өз қабілеттерін шыңдап, студенттік жылдарын пайдалы білімге, жарқын оқиғаларға және есте қаларлық сәттерге толтыруды тілейміз!