14 қыркүйек 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге ұйымның қызмет бағыттары мен жастарға арналған жобалары таныстырылды.

Қатысушылар өңірлік және республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік, экологиялық, қайырымдылық және қоғамдық жобалар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар еріктілік бастамаларына қатысу, қоғамдық жобаларды жүзеге асыру және өз идеяларын ұсыну жолдары түсіндірілді.

Жиын кезінде жастардың қоғамдық белсенділігі, азаматтық жауапкершілігі және әлеуметтік маңызды бастамаларға қатысуы жөнінде пікір алмасты. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсынылған жобалар бойынша ойларын ортаға салды.

Кездесу жастардың қоғамдық ортадағы белсенділігін арттырып, әлеуметтік жобаларға қатысуына және жаңа бастамаларды жүзеге асыруына бағыт-бағдар берді.