29 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДӘРІС ӨТКІЗУДІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Үздік тәжірибелерді масштабтау: дәріс өткізудің белсенді әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – оқыту үдерісінде тиімді педагогикалық тәсілдерді кеңінен қолдану, дәріс форматын жандандыру және білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға бағытталған әдістерді тәжірибеге енгізу.

Іс-шараның спикерлері – Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қасентаева Қарлығаш Уразбековна, аға оқытушы Төлеуханова Айгүл Далелхановна және кафедраның қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сахариева Светлана Геннадьевна.

Спикерлер дәріс өткізудің белсенді әдістеріне тоқталып, білім алушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді педагогикалық тәсілдерді таныстырды. Сонымен қатар дәріс құрылымын заманауи талаптарға сай ұйымдастыру, оқу материалын тиімді меңгерту және теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастыру жолдары қарастырылды.

Семинарда қатысушылар ұсынылған әдістерді тәжірибе жүзінде қолданып, өзара пікір алмасты. Практикалық тапсырмалар арқылы белсенді оқыту тәсілдерінің мүмкіндіктері көрсетіліп, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары талқыланды.

Әдістемелік семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, заманауи оқыту әдістерін жетілдіруге және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.