12 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ПЛАСТИКСІЗ БІР КҮН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің орыс тілінде білім алатын «Экология» білім беру бағдарламасының 1–4-курс студенттері «Пластиксіз бір күн» экологиялық челленджіне қатысты.

Челлендждің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның пластик қалдықтарымен ластану мәселесіне назар аудару, саналы тұтынуды насихаттау және күнделікті өмірде бір рет қолданылатын пластик бұйымдарын пайдалануды азайту.

Болашақ экологтар бұл бастама арқылы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетіп, тұрақты даму қағидаттарын қолдады. Студенттер бір рет қолданылатын пластик бұйымдарынан бас тартуға, көп рет пайдаланылатын сөмкелерді, су құтылары мен контейнерлерді таңдауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және экологиялық қауіпсіз әдеттерді қалыптастыруға ерекше мән берді.

Төрт курстың студенттері табиғатты қорғау идеясын қолдап, қоршаған ортаға жанашырлық әр адамның жеке таңдауынан басталатынын көрсетті.

Мұндай экологиялық бастамалар жастардың экологиялық ойлау қабілетін дамытуға, табиғаттың жай-күйіне деген жеке жауапкершілігін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Студенттердің челленджге қатысуы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды көздейтін республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының негізгі бағыттарымен үндеседі.

Пластиксіз өткен бір күн – әр адамның шағын қадамы, ал ортақ күш-жігеріміз – экологиялық тұрғыдан тұрақты болашаққа бастар үлкен мүмкіндік!

Студент-экологтардың ұраны: «Пластикті азайт – өмірді көбейт! Табиғатты бірге қорғайық!»