12 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТТАРДЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті Жанзада Ержанова Бауыржанқызы «ТМД-ның үздік студенті» және «Орталық Азияның үздік студенті» атақтарына ие болды. Жетістіктері үшін І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жанзада – Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты. Сонымен қатар республикалық пәндік олимпиадаларда II және III орындарды иеленген. Бұдан бөлек, әскери кафедраны тәмамдап, лейтенант әскери атағын алған.

«Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзербайжанда білім алған Жанзада қазіргі уақытта Польшадағы Адам Мицкевич атындағы университетте оқуын жалғастырып жатыр.

Жанзада Ержанованың жетістіктері – оның мақсаткерлігі, еңбексүйгіштігі мен білімге деген ұмтылысының нәтижесі. Студенттің табыстары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің де мақтанышы.

Жанзадаға оқуда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарының орындалуын тілейміз!