4 мамыр 2026


ҒАЛЫМДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 4–5 мамырда профессор Жібек Берлібекқызы Рахметулина, PhD докторлары Тана Абылайханқызы Абылайханова мен Айгерім Абаевна Рахметулина Алматы қаласында өткен «New Trends in the Global Economy in the Context of Digitalization» («Цифрландыру жағдайындағы әлемдік экономиканың жаңа үрдістері») атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны UNEC, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті және Қонаев университеті ұйымдастырды.

«Цифрлық экономиканың даму жағдайында адами капиталды басқару және еңбек ресурстарының сапасын арттыру» ғылыми жобасын іске асыру аясында қатысушылар зерттеу тақырыбына қатысты үш ғылыми баяндама ұсынды. Баяндамалар экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайындағы өзекті мәселелерге арналды.

Конференцияға қатысу ғылыми жоба нәтижелерін ғылыми ортада талқылауға, зерттеу мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.