15 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ АРМРЕСТЛИНГТЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Өскемен қаласында армрестлингтен Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарыста Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери-техникалық дайындық» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Ақылбеков Досжан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде I орын иеленіп, чемпион атанды.

Ал «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Максим Белоножко 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде II орынға ие болды.

Студенттерді жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!