16 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «АТА ЗАҢ БІЛГІРЛЕРІ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» зияткерлік-ағартушылық апталығы аясында «Ата заң білгірлері» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараға 15 команда қатысып, қатысушылар өздерінің Конституция мен заңнама саласындағы білімдерін, құқықтық сауаттылығын және логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Алты турдан тұратын сайыс барысында командалар сұрақтарға жауап беріп, өзара білім мен тапқырлық тұрғысынан бақ сынады.

Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша:

 I орын – «Бажуха» командасы (40 ұпай);

 II орын – «IQayla» командасы (37 ұпай);

 III орын – «Жағажай» командасы (33 ұпай).

Зияткерлік ойын жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Мұндай танымдық іс-шаралар студенттердің құқықтық білімін жетілдіріп, заң үстемдігі мен жауапты азаматтық ұстанымның маңызын терең түсінуге ықпал етеді.