16 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY — БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гайний Койшинова Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Марқакөл аудандарында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстырып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беру.

Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары мен ережелері, сондай-ақ студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кәсіби бағдар беру жұмысы түлектердің мамандықтар мен даярлау бағыттары туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына ықпал етеді. Мұндай ақпараттық жұмыстар жастардың өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай білім алу бағытын айқындауына көмектеседі.

Оқушылар университеттің білім беру мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, сапалы жоғары білім алуға деген ұмтылысын білдірді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жастардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына қолдау көрсетіп, өңірдегі жалпы білім беретін мектептермен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.